Preview

Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy

Кеңейтілген іздеу

«Eurasian journal of current research in psychology and pedagogy» – психология және педагогиканың заманауи бағыттары бойынша ғылыми мақалалар жариялайтын ғылыми журнал; төрт ғылыми-зерттеу секциясынан тұрады: жалпы және әлеуметтік психология, клиникалық және арнайы психология, қолданбалы психология және зерттеулер, педагогика және білім беру әдістемесі.

Журналдың редакциялық алқасы, рецензенттері мен авторлары ғылыми және жарияланымдық этиканың жоғары стандарттарын ұстануға ұмтылады: редакция мен авторлар арасындағы өзара әрекеттің ашықтығы, журналға келіп түскен барлық мақалалардың тәуелсіз сарапшылар немесе редакциялық алқа мүшелері тарапынан міндетті түрде рецензиялануы, жарияланымдарға еркін қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Редакциялық алқа кәсібилік, объективтілік, ғылыми нақтылық және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. Авторлар, редакциялық алқа мүшелері мен бас редактор ғылыми мақалаларды дайындау және ғылыми зерттеу нәтижелерін тарату барысында тиісті этикалық міндеттемелерді орындайды.

Журналдың миссиясы – құқық саласындағы мамандардың іргелі және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін ашық алмасуға арналған ғылыми алаң құру, ғылыми және тәжірибелік жетістіктерді жинақтау, ғылыми мерзімді басылымдар жүйесін дамыту және олардың халықаралық ғылыми-ақпараттық кеңістіктегі үлесін кеңейту.

Журнал: а) ғылыми-кәсіби қауымдастық ішінде белсенді әрі тиімді коммуникацияны дамытуға, пікір алмасуға және ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін ашық пікір алаңын құруға бағытталған;
б) ғылым мен практиканың жақындасуына, ғылыми зерттеулер нәтижелерін басқару іс-әрекетінде және әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдану мүмкіндіктерін іздеуге жәрдемдеседі; в) халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық авторлардың ғылыми нәтижелерін халықаралық кәсіби қауымдастықта ілгерілету мен таратуға ұмтылады.

Журнал келесі негізгі редакциялық саясат қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді. Журналға келіп түскен материалдар: 1) жалпы мазмұндық талаптарға, библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу талаптарына және журналдың ғылыми бағытына сәйкестік бойынша алғашқы іріктеуден өтеді; 2) «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеріледі.

Мақаланы жариялауға арналған редакциялық дайындық міндетті болып табылады және ол әдеби, стилистикалық және техникалық редакциялауды, сондай-ақ мақала рәсімдеу мен жариялау стандарттарының сақталуын бақылауды қамтиды. Редакция авторлармен пікірталасқа түспейді.

Конституциялық құқық нормаларына қарсы келетін мәтіндер жарияланбайды.

Редакция келіп түскен материалдарға өзгерістер енгізуге, қысқартуға, тақырыпқа сәйкес келмейтін немесе дұрыс рәсімделмеген қолжазбаларды кері қайтаруға құқылы, бұл ретте редакциялық этика ережелері сақталады.

Мақалаларды жариялау немесе кері қайтару туралы шешімді редакциялық алқа қабылдайды.

Автор мақаланы редакцияға жолдай отырып, оны «Eurasian journal of current research in psychology and pedagogy» журналында жариялауға және мәтінді рецензенттерге ұсынуға келісімін білдіреді.

Журнал – ашық қолжетімді басылым: барлық пайдаланушылар жарияланған материалдарды еркін әрі тегін оқи алады, жүктей алады, көшіре алады және сілтеме жасай алады.

«Eurasian journal of current research in psychology and pedagogy»  журналы 2022 жылдың желтоқсанында негізі қаланған, өз сайты бар https://ejcrpp.turan-edu.kz/. Журналдың электронды және баспа нұсқалары жылына 4 рет жарық көреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы шығарылым

№ 1 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

Жалпы және әлеуметтік психология

7-13 122
Аңдатпа

Бұл кешенді шолу қазіргі заманғы демократияларда саяси қатысуға және абсентеизмге әсер ететін әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейді. Әлеуметтік идентификация теориясы, саяси тиімділік модельдері, рационалды таңдау теориясы және азаматтық еріктілік концепциясын қоса алғанда, классикалық және заманауи теориялық негіздерге сүйене отырып, бұл мақала 2010-2025 жылдар аралығында жарияланған трансұлттық зерттеулердің эмпирикалық нәтижелерін синтездейді. Шолу саяси мінез-құлыққа әсер ететін көп деңгейлі детерминанттарды анықтайды: жеке психологиялық сипаттамалар (саяси тиімділік, азаматтық міндет, саяси қызығушылық), әлеуметтік факторлар (әлеуметтік капитал, желілік енуі, топтық идентификация) және жүйелік факторлар (институционалдық сенім, сайлау жүйесінің дизайны, саяси мүмкіндіктер құрылымдары). Цифрлық саяси қатысу, азаматтық белсенділіктегі ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар және ақпарат молдығы мен саяси апатия арасындағы парадоксалды қатынас сияқты пайда болып жатқан үрдістерге ерекше назар аударылады. Талдау саяси абсентеизмді жай ғана рационалды қатыспаушылық немесе апатия ретінде түсінуге болмайтынын, керісінше оны саяси тиімсіздік сезімінде, институционалдық сенімсіздікте, қатысуға жүйелік кедергілерде және әлеуметтік-экономикалық маргинализацияда тамыр жайған күрделі феномен ретінде қарастыру керектігін көрсетеді. Шолу азаматтық білім беру бағдарламалары, институционалдық реформалар, әлеуметтік капиталды дамыту және инклюзивті саяси дизайн арқылы демократиялық қатысуды күшейтуге арналған ғылыми негізделген ұсыныстармен аяқталады.

Клиникалық және арнайы психология

14-24 117
Аңдатпа

Посттравматикалық стресс бұзылысы (ПТСБ) ең ауыр психикалық аурулардың бірі болып табылады. Посттравматикалық травманы қайта бастан кешіру, болдырмау, когнитивті және аффективті өзгерістер, сондайақ гиперқозумен сипатталады. Ұйқы бұзылыстары, соның ішінде ұйқысыздық пен травмамен байланысты қорқынышты түстер, ПТСБ бар адамдардың 70–90%-ында байқалады және клиникалық тұрғыдан маңызды фактор болып табылады. Бұл әдебиетке шолу ұйқы бұзылыстары мен ПТСБ симптоматикасы арасындағы екіжақты байланысты талдауға бағытталған. 2010–2025 жж. аралығында жарияланған эмпирикалық зерттеулер, метаталдаулар мен клиникалық сынақтарға шолу нәтижелері ұйқы бұзылыстарының ПТСБ-ның әрі симптомы, әрі оны қолдаушы механизмі ретінде қызмет ететінін көрсетеді. Бұзылған ұйқы эмоционалды реттеудің әлсіреуіне, жады консолидациясының бұзылуына және қауіпке сезімталдықтың артуына әкеледі. Ұйқыға бағытталған араласулар, соның ішінде ұйқысыздыққа арналған когнитивті-мінез-құлықтық терапия, бейнелерді репетициялау терапиясы және фармакологиялық тәсілдер, ұйқы сапасын жақсартып қана қоймай, ПТСБ-ның негізгі симптомдарын да азайтады. Қорытындысында ұйқы бұзылыстарын емдеудің ПТСБ қалпына келуінде маңызды терапевтикалық нысана екені айқындалады.

Қолданбалы психология және зерттеулер

25-35 475
Аңдатпа

Мақала психологиялық ғылымның қазіргі жай-күйі тұрғысынан жеке жауапкершілік проблемасын кешенді қарауға арналған. Жұмыста жауапкершілікті зерделеудің негізгі теориялық тәсілдері, оның құрылымдық және функционалдық сипаттамалары, сондай-ақ оның психологиялық әдебиеттегі мәнін әртүрлі түсіндіру ұсынылған және талданған. Жүргізілген талдаудың негізінде шешімдерді қабылдауға, стратегияларды қалыптастыруға және кәсіби қызметтегі жеке белсенділікті реттеуге әсер ететін мінез-құлықтың реттеуші тетігі ретінде оның мәнін баса көрсететін және дәстүрлі түсінік шеңберінен шығатын жауапкершіліктің нақтыланған дефинициясы ұсынылды. Зерттеудің мақсаты кәсіпкерлік қызметтің табысты болуының негізгі психологиялық факторы ретінде жауапкершілік ерекшелігін анықтау болып табылады. Оның шешім қабылдау процестерімен, тәуекелдерді басқарумен, жоспарлаумен және белгісіздік пен өзгермелі орта жағдайында қойылған мақсаттарға қол жеткізумен өзара байланысын талдауға ерекше көңіл бөлінеді. Жауапкершіліктің кәсіпкерлік мінез-құлықтың тиімділігіне әсерін және оның кәсіби табыстың болжамы ретіндегі маңыздылығын негіздеуге мүмкіндік беретін теориялық модельдер қаралды. Мақалада ұсынылған нәтижелер құзыретті және стратегиялық ойлайтын кәсіпкерді қалыптастырудағы жауапкершіліктің рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ оның өзін-өзі реттеу, мақсатты ойлау және қазіргі заманғы бизнестің күрделі жағдайларына табысты бейімделу дағдыларын дамыту үшін маңыздылығын баса көрсетеді.

36-42 98
Аңдатпа

Бұл эмпирикалық зерттеу университет студенттері арасында жеке психологиялық айырмашылықтар мен ағылшын тілін үйрену нәтижелері арасындағы байланысты зерттейді. Зерттеуге ірі қалалық университеттің 80 студенті (орташа жасы = 19,8 жыл, SD = 1,2) қатысты. Зерттеуде темпераментті бағалау үшін Айзенк тұлғалық сауалнамасы (EPQ), когнитивті стильдерді (вербалды-бейнелі және холистикалық-аналитикалық өлшемдер) өлшеу үшін Райдинг когнитивті стиль талдауы және тілдік құзыреттілікті бағалау үшін Кембридж ағылшын тілін анықтау тесті сияқты стандартталған құралдар қолданылды. Нәтижелер экстраверсия мен сөйлеу тиімділігі арасында (r = 0,42, p < 0,01), бейнелі когнитивті стиль мен лексиканы меңгеру арасында (r = 0,38, p < 0,01), сондай-ақ аналитикалық стиль мен грамматиканы түсіну арасында (r = 0,44, p < 0,01) маңызды корреляцияларды көрсетеді. Көпфакторлы регрессиялық талдау когнитивті стиль өлшемдері ағылшын тілін меңгерудің жалпы деңгейіндегі дисперсияның 31%-ын болжағанын анықтады (R² = 0,31, p < 0,001). Алынған деректер негізінде біз студенттердің темпераменті мен когнитивті қалауларын ескеретін жекелендірілген тілдік оқыту тұжырымдамасын ұсынамыз. Зерттеу жеке айырмашылықтардың тіл үйрену процестері мен нәтижелеріне айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді, бұл шетел тілі ретіндегі ағылшын тілі контекстінде дифференцияланған педагогикалық тәсілдердің қажеттілігін білдіреді.

Педагогика және білім беру әдістемесі

43-50 90
Аңдатпа

Білім беруді цифрландыру және цифрлық гуманитарлық ғылымдардың дамуы жағдайында тіл маманының педагогикалық қызметінде электрондық лингвистикалық ресурстарды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Осындай ресурстардың бірі – жазбаша және ауызша аутентті мәтіндердің ауқымды қорын қамтитын, лингвистикалық белгілеу мен іздеу құралдарымен жабдықталған Орыс тілінің ұлттық корпусы. Мақалада Орыс тілінің Ұлттық корпусы тіл маманының педагогикалық қызметіндегі перспективалы цифрлық құрал ретінде қарастырылады. Корпусты лексикология, грамматика, стилистика және мәтінді талдау сияқты тіл бөлімдерін оқытуда қолданудың негізгі бағыттары талданады. Корпустық тапсырмалардың типологиясына және олардың білім алушылардың зерттеушілік, аналитикалық және цифрлық құзыреттерін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылады. Корпустық технологияларды оқу үдерісіне енгізу репродуктивті оқыту моделінен нақты тілдік деректерге негізделген зерттеушілік бағыттағы оқытуға көшуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Сонымен қатар корпусты қолданудың психология-педагогикалық, әдістемелік артықшылықтары, соның ішінде оқытушының цифрлық дайындығы мәселелері талқыланады. Зерттеу нәтижелері Орыс тілінің Ұлттық корпусын қазіргі тіл білімі педагогикасына жүйелі түрде енгізудің маңыздылығын дәлелдейді.

51-58 124
Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі қазақ әңгімелеріндегі мифтік элементтердің интерпретациясын оқытуда когнитивтік-рецептивтік психологияның рөлі қарастырылады. Осы зерттеудің мақсаты – қазіргі қазақ әңгімелеріндегі (М. Мәлік «Бассыз бөрі», Қ. Түменбай «Иттің дауысы», А. Алтай «Киллер сауысқан», А. Мантай «Қабір гүлі», Е. Нұрахмет «Неке», Н. Қабдай «Сайтан») мифтік элементтерді талдау мен түсінудің психологиялық негіздерін когнитивтік-рецептивтік тәсіл арқылы ашып, оқытудың тиімді әдістемесін әзірлеу. Зерттеу когнитивті поэтика (фреймдер, концептілер, схемалар талдауы) және рецептивті эстетика (оқырман қабылдауы) әдістерін біріктіретін интегративті когнитивтік-рецептивтік тәсілге негізделген. Зерттеу барысында көрсетілген қазіргі қазақ әңгімелерін оқыту үдерісінде оқырман санасының қабылдау (рецепция) және түсіну (когниция) механизмдері арқылы қарастырылатын мифтік элементтерді (архетиптер, символдар, мифологемалар) интерпретациялау ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ прозасындағы мифтік элементтердің типологиясы (зооморфтық архетиптер, жер-cу мифологемалары, қайта құрылған сюжеттер) жүйеленді. Оқырманның оларды қабылдауының негізінде жатқан психологиялық механизм – дәстүрлі мәдени схемалар мен автордың оларды жаңғыртуы арасындағы когнитивтік диссонанс ашылды. Кезеңдерден (мифтік претексті белсендіру, когнитивтік диссонансты анықтау, интерпретациялық гипотеза құру, рефлексия) тұратын практикалық оқыту әдістемесі ұсынылды.