Preview

Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

Жалпы және әлеуметтік психология

7-21 13
Аңдатпа

Мәдени бірегейлік жастардың қоғамға тиесілілік сезімін, өзіндік санасын және психологиялық әл-ауқатын қалыптастыратын маңызды психологиялық ресурс болып табылады. Балалар әдебиеті мәдени мазмұны терең шығармалар мен танымал тұлғалардың өмірін таныстыру арқылы тұлғалық қабілеттерді жетілдіруге себеп бола алады. Бұл мақала «Ол кім?» (Who Is He/She?) кітаптар сериясы баланың адамгершілік қасиетін және жан дүниесін, психологиялық әлеуетін қалыптастыруға бағытталғанын баяндайды. Зерттеу жұмысының мақсаты – танымал тұлғалардың өмірі туралы әңгімелер мен ағартушылық мазмұнға құрылған фразеологиялық бірліктердің оқырманның мәдени бірегейлігін, психологиялық әлеуетін және сөздік қорды байытудағы ықпалын анықтау. Зерттеу жүргізу барысында аталмыш серияға енген кітаптарды саралауда сапалық зерттеу әдістері қолданылып, мазмұндық және контекстік талдау жасалды. Талдау жұмысында шығармалардың баяндау ерекшелігі, тілдік құрылымы және ақпараттық құндылықтық мазмұны зерделенді. Зерттеуден алынған нәтижелер бойынша аталмыш кітаптар сериясы оқырманды табандылыққа, жауапкершілік алуға, батылдық пен ұлттық мұраға құрмет көрсету сынды қасиеттерді дамытуға ықпал ететіндігі айшықталды. Сонымен қоса, көркем әдеби тіл мен фразеологиялық бірліктер жас оқырманның сөздік қорын жетілдіріп, мәдени ой – парасаты және эмоционалдық көңіл-күйі көтерілгені анықталды. Нәтижесінде мәдени мазмұндағы балалар әдебиетінің ықпалы оқырманның тұлғалық қалыптасуына, психологиялық әл-ауқаттының нығаюына және тілдік қабілетінің дамуына себеп бола алатынын дәлелдейді. Алынған нәтижелерді мектептерде, кітапханаларда және оқу бағдарламаларында мәдени тәрбие мен оқырмандардың тұлғалық дамуын қолдау мақсатында қолдануға болады.

22-35 10
Аңдатпа

Қазіргі жоғары білім беру жағдайында студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігін қамтамасыз ететін психологиялық ресурстарды зерттеу кәсіби даярлықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – студенттердің реттеушілік процестерінің даму деңгейін анықтау, олардың құрылымдық өзара байланыстарын талдау және тұлғалық өзіндік тиімділіктің психологиялық ресурсы ретіндегі ерекшеліктерін айқындау. Зерттеуге жоғары оқу орындарының 2–3 курс студенттері (N=140) қатысты. Эмпирикалық зерттеуде Дж. Тэнгни, Р. Баумайстер және А.Л. Бунның «Өзін қадағалаудың қысқаша шкаласы» және Е.Ю. Мандрикованың «Іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастыру» сауалнамасы қолданылды. Деректер сипаттамалық статистика және Спирменнің рангілік корреляциялық талдауы арқылы өңделді. Нәтижелер студенттердің басым бөлігінде реттеушілік процестердің орташа деңгейде қалыптасқанын көрсетті. Қазіргі уақытқа бағдарлану, фиксация және өзін-өзі ұйымдастыру көрсеткіштері салыстырмалы түрде жоғары, ал мақсаттылық пен табандылық көрсеткіштері төмен болды. Корреляциялық талдау мақсаттылық, жоспарлау және қазіргі уақытқа бағдарланудың реттеушілік процестер жүйесінде неғұрлым орталық позиция алатынын анықтады. Өзін-өзі бақылау, табандылық, фиксация және өзін-өзі ұйымдастыру аталған компоненттермен статистикалық мәнді оң байланыстар көрсетті. Алынған нәтижелер реттеушілік процестерді студенттердің мақсатқа бағытталған әрекетін қамтамасыз ететін өзара байланысты психологиялық ресурстар жүйесі ретінде қарастыруға негіз береді және студенттердің өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Клиникалық және арнайы психология

36-45 18
Аңдатпа

Бұл мaқaлaдa aутиcтік cпeктр бұзылыcы бaр бaлaлaрдың эмоционaлды өзін-өзі рeттeу дaғдылaры тeориялық тұрғыдa жaн-жaқты қaрacтырылaды. Қaзіргі ғылыми әдeбиeттeрді жүйeлі тaлдaу aтaлғaн caнaттaғы бaлaлaрдa эмоциялaрды тaну, түcіну жәнe бacқaру қaбілeттeрінің жeткілікcіз дaмуы олaрдың мінeз- құлық тұрaқтылығынa, оқу әрeкeтінe қaтыcуынa жәнe әлeумeттік бeйімдeлу дeңгeйінe тікeлeй әceр eтeтінін көрceтeді. Зeрттeу aяcындa эмоционaлдық өзін-өзі рeттeу үдeріcі мeн мінeз-құлықтың функционaлдық тaбиғaты aрacындaғы өзaрa бaйлaныc тaлдaнып, мінeз-құлықтың нeгізгі функциялaры (нaзaр aудaрту, тaлaптaн қaшу, қaлaулы нәтижeгe қол жeткізу жәнe ceнcорлық қaнaғaттaну) жүйeлі түрдe cипaттaлaды. Cонымeн қaтaр, қолдaнбaлы мінeз-құлықтық тaлдaу (AВA тeрaпияcы) әдіcінің тeориялық нeігздeрі caрaлaнып, оның құрылымдaлғaн, кeзeңдік жәнe функцияғa бaғыттaлғaн cипaты aйқындaлaды. Жүргізілгeн тeориялық тaлдaу AВA тәcілінің жaғымды күшeйту, жүйeлі қaйтaлaу жәнe мінeз-құлықты функционaлдық тaлдaу қaғидaттaрынa нeгіздeлe отырып, бaлaлaрдың эмоционaлдық тұрaқтылығын қaлыптacтыруғa, өзін-өзі бaқылaу дaғдылaрын дaмытуғa жәнe әлeумeттік өзaрa әрeкeтін жaқcaртуғa мүмкіндік бeрeтінін көрceтeді. Cонымeн қaтaр, бұл тәcіл білім бeру процecіндe бaлaның жeкe eрeкшeліктeрін ecкeрe отырып, тиімді пeдaгогикaлық қолдaу ұйымдacтыруғa жaғдaй жacaйды. Оcығaн бaйлaныcты AВA тeрaпияcы ACБ бaр бaлaлaрдың эмоционaлдық өзін-өзі рeттeуін дaмытудa тиімді ғылыми нeгіздeлгeн әдіc рeтіндe қaрacтырылaды.

Қолданбалы психология және зерттеулер

46-57 15
Аңдатпа

Қазақстанда инклюзивті саясаттың дамуы білім беру психологінің рөлін негізінен диагностикалық- түзету қызметімен шектемей, білім алушыны, отбасын, педагогтерді және мектеп қауымдастығын жүйелі сүйемелдейтін маман ретінде қайта қарауды талап етеді. Зерттеудің мақсаты инклюзивті білім беру жағдайындағы психологтердің кәсіби өзін-өзі бағалауы, өзіндік тиімділігі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі реттеуі және жауапкершілігі туралы эмпирикалық деректерді жүйелеу және олардың өзара байланысының интегративті моделін әзірлеу болды. Аралас зерттеулерге жүйелі шолу PRISMA 2020 және PRISMA-S талаптарына сәйкес жүргізілді. 2012 ж. қаңтардан 2026 ж. 24 маусымға дейін жарияланған ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі еңбектер қарастырылды. 51 бірегей жазбаның 18-і сапалық синтезге енгізілді. Эмпирикалық зерттеулер MMAT, диссертациялар мен сұр әдебиет AACODS арқылы бағаланды. Кәсіби өзіндік тиімділік ең жүйелі операционалдандырылған конструкт екені анықталды. Жалпы өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау және жауапкершілік сирек тікелей өлшенген; өзін-өзі реттеу көбіне рефлексия, эмоциялық тұрақтылық, жоспар- лау және супервизия арқылы көрінді. Қазақстандық деректер рөлдік айқынсыздықты, ресурстық шектеулерді және тапшылыққа бағдарланған практиканың сақталуын көрсетті. Психологтің тұлғалық-реттеушілік даярлығының бес компонентті моделі ұсынылып, жоғары білім беру, біліктілікті арттыру, супервизия және мектеп психологиялық қызметін бағалау үшін ұсынымдар әзірленді.

58-74 12
Аңдатпа

Кәсіби жануды зерттеу ауқымды әрі теориялық тұрғыдан әртекті әдебиетті қалыптастырды, алайда жануды түсіндіру үшін қолданылатын теориялық негіздердің таралуы мен салыстырмалы архитектурасы жеткілікті түрде жүйеленбеген. Осы теорияға бағытталған жүйелі шолудың мақсаты кең таралған теориялық негіздерді анықтау, олардың түсіндіру механизмдерін салыстыру, бірнеше теорияны қатар қолдану үлгілерін талдау, жұмысқа тартылу мен психологиялық әл-ауқаттың интеграциялануын және контекстік бейімделгіштікті бағалау болды. Бағдарламалық қолдауы бар көпдереккөзді іздеу және скрининг нәтижесінде 564 бірегей жарияланымнан тұратын корпус қалыптастырылды; олардың 407-сінде кемінде бір мазмұндық теориялық негіз тікелей аталған. Жарияланым және теория деңгейінде теориялық негіздердің таралуы, бір және бірнеше теорияны қолдану, негізгі теориялық қатар қолданулар және 12 аналитикалық өлшем синтезделді. Ең жиі Job Demands-Resources (JD-R) жұмыс талаптары мен ресурстары теориясы (47,9%), одан кейін Conservation of Resources (COR) ресурстарды сақтау теориясы (29,2%) аталды; теориялық кодталған жарияланымдардың 46,4%-ы бірнеше негізді қолданған. Салада «ядро–периферия» архитектурасы анықталды: талаптар мен ресурстарға бағытталған шоғырланған ядро кең теориялық «ұзын құйрықпен» қатар өмір сүреді. Негізгі теориялық негіздер себептік логикасы және оң кәсіби нәтижелерді қамту тәсілі бойынша ерекшеленді; кәсіби жану, жұмысқа тартылу және психологиялық әл-ауқатты бір мезгілде біріктіретін келісілген архитектура анықталмады. Контекстік бейімделгіштік те әртүрлі болды; JD-R және COR әртүрлі механизмдер арқылы кең теориялық әлеует көрсетті. Шолу түсіндіру механизміне негізделген неғұрлым айқын теориялық таңдау мен контекстке сезімтал теорияларды одан әрі дамытуға салыстырмалы негіз ұсынады.

75-85 10
Аңдатпа

Бұл зерттеуде жоғары білім беру жүйесінде профессор-оқытушылар құрамының цифрлық трансформацияға бейімделуіне әсер ететін ішкі және сыртқы ынталандырушы факторлар қарастырылды. Жұмыста валидацияланған құралдарды қолдана отырып, Қазақстан жоғары оқу орындарының 154 оқытушысына қималық (көлденең) сауалнама жүргізілді. Нәтижелер ынталандырушы факторлардың айқын иерархиясын көрсетті: ішкі ынталандырушы факторлар (ішкі мотивация, өзіндік тиімділік) технологияны қабылдаудағы бірегей дисперсияның 21%-ын түсіндірді, ал ұйымдық қолдау – 4%-ын, сыртқы негативті факторлар – 1%-дан азын түсіндірді. Жас осы өзара байланыстардың маңызды модераторы болды. Ішкі ынталандырушы факторлар жас оқытушылар үшін күштірек болжаушы болды (β = 0,42-ге қарсы 0,18), ал ұйымдық қолдау егде жастағы оқытушылар үшін маңыздырақ болды (β = 0,34-ке қарсы 0,08). Сыртқы қысым тек егде жастағы оқытушылар арасында ғана зиянды әсер көрсетті (β = −0,31). Кластерлік талдау «ынталандыру – жауап» бейіндері әртүрлі оқытушылардың төрт типологиясын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл нәтижелер табысты цифрлық трансформация біркелкі директивалық нұсқаулардың орнына жасына қарай сараланған, автономия- ны қолдайтын институционалдық тәсілдерді талап ететінін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орын- дарында цифрлық трансформацияны тиімдірек ілгерілетуге ықпал ете алады.

86-98 15
Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында білім алушыға қолайлы жағдай қалыптастыру тиімді әлеуметтік- психологиялық климатты қалыптастыру қажеттілігі мен оның білім алушының оқуға ынтасын арттырудағы тигізер әсері мен оны жетілдіру жолдары қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-психологиялық климат жағдайын анықтау, оған әсер етеін факторлар әсерін бағалау арқылы білім алушыға қолайлы орта жасау мүмкіндіктерін арттыру жолдарын көрсету. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады: білім беру ортасының білім алушыға әлеуметтік-психологиялық қолайлы болу шарттары аясында жасалған отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасап, тұжырымдау; қолайлы ортаны қалыптастыру факторларын анықтап, ортадағы оның әсерін бағалау; білім беру ортасының жайлылығын арттыру жолдары мен мүмкіндіктерін көрсету. Жоғары оқу орындарында білім алушының әлеуметтік-психологиялық жайлылығы оның даму көрсеткіштеріне тікелей әсер етуші фактор дегенмен, бұл кең зерттелмеген тақырып болып саналады. Зерттеу жұмысында жоғары оқу орнындағы білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық қолайлылығының жағдайы мен оны жетілдіру шарттары қаралады. Осы зерттеу барысында білім беру ортасының нақты жоғары оқу орнындағы көрсеткіштерге негізделген талдау тұжырымдамалық жұмыс жасалады. Зерттеу нәтижелері қазіргі білім беру жүйесінде қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тиімді әлеуметтік-психологиялқ жайлылықты қалыптастыру факторлары мен жолдарын айқындауды көздейді. Білім алушыға жайлы орта қалыптастыру үшін жоғары оқу орнында тиісті дәрежеде білім алушыларды психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажет. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет көрсету орталығы қызметі арнайы әдіс-тәсілдерді негізе ала отырып ұйымдастырылуы керек. Оның міндеті тек білім алушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытып қана қоймай сонымен қатар, білім беру ортасына қанағаттану арқылы оқуда табысты болуын қамтамасыз етуі қажет.

Педагогика және білім беру әдістемесі

99-111 16
Аңдатпа

Мақалада экономикалық бағыттар бойынша білім алатын бакалавриат студенттеріне «Бизнес-талдау» пәнін оқытуда генеративті жасанды интеллектті қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері зерттеледі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі жоғары білім берудің цифрлық трансформациясымен, оқыту үдерісінде генеративті модельдерді қолдану аясының кеңеюімен және студенттердің аналитикалық, цифрлық әрі кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға қойылатын талаптардың артуымен айқындалады. Генеративті жасанды интеллектті «Бизнесталдау» пәнін оқыту барысында оқу материалдарын дайындау, тәжірибеге бағдарланған кейстерді әзірлеу, кәсіби жағдаяттарды модельдеу, тапсырмаларды дербестендіру және білім алушылардың өзіндік жұмысын сүйемелдеу құралы ретінде пайдалануға болатыны негізделген. Генеративті ЖИ-ді қолдану проблемаларды, үдерістерді, талаптарды, мүдделі тараптарды және тиімділік көрсеткіштерін талдауға бағытталған пәндерде әсіресе нәтижелі екені көрсетілген. Экономикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерді оқытуда оны қолданудың негізгі бағыттары айқындалған. Генеративті ЖИ-ді енгізудің артықшылықтары мен тәуекелдері қарастырылған. Олардың қатарына оқытудың тәжірибеге бағдарлануын күшейту, кері байланысты жеделдету, аналитикалық ойлауды дамыту, сондай-ақ оқу материалын үстірт меңгеру, білім алушылардың дербестігінің төмендеуі, академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуы және дәйексіз жауаптарды пайдалану тәуекелдері жатады. Мақалада «Бизнес-талдау» пәнін оқыту барысында генеративті ЖИ элементтерін оқуәдістемелік апробациялау нәтижелері ұсынылған. Әдістемелік тұрғыдан негізделген генеративті жасанды интеллектті қолдану оқу үдерісінің сапасын арттырып, оқытуды дараландыруды күшейтетіні және цифрлық экономика жағдайында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға ықпал ететіні туралы қорытынды жасалған. Бұл ретте оқытушының білім беру үдерісін ұйымдастырушы, сарапшы және білім беру өзара ісқимылының модераторы ретіндегі жетекші рөлі сақталуы тиіс.

112-122 13
Аңдатпа

Мақалада биология бойынша үйірме жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерінің маңыздылығы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі сыни ойлауды, сандық талдауды, цифрлық сауаттылықты және зерттеу дағдыларын қоса алғанда, білім алушыларда ХХІ ғасырдың құзыреттілігін дамытудың тиімді форматтарын іздеу қажеттілігіне байланысты. Жұмыстың мақсаты - сабақтан тыс жұмыстың инновациялық формаларының оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға әсерін анықтау және олардың тиімділігін салыстырмалы талдау. «Табиғат зерттеушілері» үйірмесі (8 «В» сыныбы) дәстүрлі формата жүргізілген, ал «Digital-биологтар» үйірмесінің (8 «С» сыныбы) жұмысы «Озық агротехнологиялардың көмегімен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру» бағыты бойынша STEM-технологияларды пайдалануға негізделген. Жүргізілген педагогикалық эксперимент STEM-модельді енгізу оқушылардың оқу-танымдық, зерттеушілік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда айқын оң динамиканы қамтамасыз ететінін көрсетті, бұл болашақта қоғамға табысты бейімделуге жағдай жасайды.

123-134 14
Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллектіні (ЖИ) бағдарламалау қағидалары мен тіл үйрету әдістемелерінің өзара байланысы қарастырылады, бұл байланыс нейроғылымның дамуымен күшейіп, лингвистикалық педагогиканың жаңа қырларын ашады. Машиналық аударма, адам–машина диалогы жүйелері және білім беру робототехникасы сияқты заманауи технологиялар дәстүрлі оқыту парадигмаларын айтарлықтай өзгертті. Бұл жаңалықтар оқу үдерісін ұйымдастыруға, оқытушылардың рөліне, сондай-ақ бағалау жүйелері мен шет тілін үйренушілердің нәтижелерін анықтау тетіктеріне әсер етеді. Мақаланың мақсаты – білім беру үдерісіне ЖИ технологияларын ендірудің қазіргі жағдайын талдау. Шет тілін оқыту жүйелерін қазіргі технологиялық үрдістерге сай жобалау білім алушыларға икемді стратегияларды қолдануға мүмкіндік береді, оқытудың тиімділігін арттырады және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, ЖИ қосымшалары тілдік құзыреттерді меңгеруді жеделдетіп, оңтайландырады, оқытуды дараландыруға және оның тиімділігін арттыруға жағдай жасайды. Бұл зерттеу ЖИ қолдауы негізіндегі шет тілін меңгерудің ерекшеліктерін, артықшылықтарын және шектеулерін жан-жақты қарастырады. Таңдап алынған оқыту әдістемелеріне талдау жасалып, осы контекстегі тіл оқытушыларының өзгеріп жатқан рөлі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – шет тілін оқытудың жаңа жағдайларын анықтап, жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін және тиімді педагогикалық өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған тұжырымдамалық негіз ұсыну.

135-147 12
Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ мұғалімдерді инклюзивті тәжірибеге дайындаудың педагогикалық жағдайларын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі болашақ мұғалімдерде инклюзивті білім беру ортасында тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттіліктерді дамыту қажеттілігінде жатыр. Мақаланың мақсаты – болашақ мұғалімдерді инклюзивті тәжірибеге дайындаудың педагогикалық жағдайларын зерттеу, сондай-ақ жоғары білім беру саласында мамандарды даярлаудың педагогикалық жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінде жүргізілді. Іріктеме бастауыш білім беру бағдарламасында оқитын 120 оқушыдан тұрды, олардың 64%-ы әйелдер, 36%-ы ер адамдар болды. Келесі әдістер қолданылды: бақылау, сауалнамалар, тестілеу, сұхбат және әдебиеттерге шолу. Болашақ мұғалімдерді оқытудың тиімділігіне ықпал ететін педагогикалық жағдайлар анықталды: тәжірибеге бағытталған оқыту, инклюзивті құзыреттілікті дамыту, төзімділік пен эмпатияны қалыптастыру, интерактивті технологияларды пайдалану және инклюзивті ортада оқыту тәжірибесін ұйымдастыру. Зерттеу барысында оқушыларды инклюзивті тәжірибеге дайындаудағы негізгі қиындықтар анықталды: практикалық тәжірибенің болмауы, психологиялық дайындықтың жеткіліксіздігі және мамандандырылған білімнің шектеулілігі. Нәтижелер мен ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, болашақ мұғалімдерді инклюзивті тәжірибеге дайындаудың педагогикалық жағдайларын жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар әзірленді. Алынған нәтижелер болашақ мұғалімдерді кәсіби оқыту жүйесін жетілдіру және инклюзивті білім беруді дамыту аясында білім беру процесінің практикалық бағытын кеңейту қажеттілігін растайды.

148-157 12
Аңдатпа

Оқылымды түсіну – академиялық жетістік пен өмір бойы білім алудың негізін құрайтын сауаттылықтың маңызды құрамдас бөлігі. Дегенмен, ағылшын тілін шетел тілі (EFL) ретінде меңгеретін көптеген білім алушылар сөздік қорының шектеулілігі, бастапқы білімнің жеткіліксіздігі және оқылым стратегияларының тиімсіздігі салдарынан мәтінді түсінуде қиындықтарға тап болады. Бұл зерттеу оқылымды түсінуді дамытудағы Listen–Read–Discuss (LRD) («Тыңдау–Оқу–Талқылау») оқу стратегиясының рөлін түсіндіруге арналған теориялық-концептуалдық шолу болып табылады. Зерттеу барысында 2015–2025 жж. аралығында жетекші ғылыми дерекқорларда жарияланған еңбектерге баяндаушы әдеби шолу жүргізілді. Шолуда LRD стратегиясының оқыту тетіктерін түсіндіру мақсатында конструктивизм, схема теориясы, белсенді оқыту, әлеуметтік конструктивизм, ақпаратты өңдеу теориясы және метатану тұжырымдамалары қарастырылды. Нәтижелер LRD стратегиясының білім алушылардың бұрынғы білімдерін белсендіру, мағынаны саналы құрастыру, бірлескен талқылауды ұйымдастыру және метатанымдық рефлексияны дамыту арқылы оқылымды түсінуді жетілдіретінін көрсетті. Зерттеудің негізгі теориялық үлесі ретінде осы үдерістерді оқылымды түсіну нәтижелерімен байланыстыратын концептуалдық модель ұсынылды. Зерттеу қорытындысында LRD стратегиясы ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқыту педагогикасын, оқу бағдарламаларын әзірлеуді және болашақтағы цифрлық сауаттылық технологияларын жетілдіруге ықпал ететін ғылыми негізделген оқыту моделі ретінде қарастырылады.



ISSN 2959-3999 (Print)
ISSN 2959-4006 (Online)