Жалпы және әлеуметтік психология
Мақалада тұлғаның құндылықтық саласының негізгі ұғымдарына теориялық талдау жасалады: құндылықтар, құндылықтық бағдарлар, бағыттылық, ұстанымдар, тұлғалық және өмірмәндік құндылықтар. Ерекше назар өмірмәндік құндылықтарға аударылады, олар адамның құндылықтық жүйесінің дамуының жоғарғы деңгейі ретінде қарастырылады. Олар тұлғалық маңызға ие, жеке мәнмен толығып, тұлғаның дүниетанымдық ұстанымының негізін құрайды. Жұмыста олардың мазмұндық қырлары, қызмет ету ерекшеліктері және өмірлік әрекетті ұйымдастырудағы рөлі ашылады. Өмірмәндік құндылықтар мотивациялық, реттеушілік және ұйымдастырушылық факторлар ретінде өмір жолының бағытын айқындайды және ішкі ұстанымдар мен сыртқы жағдайлардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Олардың субъективті сезінуі мен өмір мәнін қалыптастыруға ықпалы ерекше атап өтіледі, бұл оларды адамның ішкі әлемінің орталық элементіне айналдырады. Өмірмәндік құндылықтардың өзін-өзі анықтау, тұлғалық өсу және әлеуметтік бейімделу үдерістерімен байланысы қарастырылады. Осылайша, өмірмәндік құндылықтар тұлғаның дамуының тұтастығын, тұрақтылығын және динамикасын қамтамасыз ететін сана құрылымының жүйеқұраушы компоненті ретінде түсіндіріледі.
Клиникалық және арнайы психология
Аддиктивті мінез-құлық танытатын орта жастағы ерлер үшін бұл сипаттамалар өзін-өзі реттеу қабілетін, күйзеліске төзімділікті және психоәлеуметтік бейімделудің тиімділігін айқындайды. Қазіргі зерттеулерде қойылып отырған негізгі сұрақтардың бірі – копинг-стратегияларын таңдау тәуелділіктің тұрақтануына да, одан шығуға да қалай әсер етеді? Осы мақаланың мақсаты – әртүрлі аддиктивті мінез-құлық түрлеріне ие тұлғаларда бақылау локусы және копинг-стратегияларын қарастыратын теориялық және эмпирикалық зерттеулерге жүйелі шолу жасау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – қазіргі деректерді жалпылау мен интерпретациялау арқылы Қазақстандағы орта жастағы ер адамдарды қамтитын келешектегі эмпирикалық зерттеулерге негіз қалайды. Бақылау локусы және копинг-стратегияларының өзара байланысын талдау тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғыдан да маңызды. Зерттеу нәтижелері түрлі тәуелділік формаларынан зардап шегетін адамдарға арналған психологиялық көмек бағдарламаларын әзірлеу мен жетілдіруге ықпал ете алады. Мақалада ғылыми әдебиетті теориялық тұрғыдан талдау, жүйелеу және сыни интерпретация әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде аддиктивті тұлғаларда бақылау локусы және копинг-стратегияларының тығыз байланысы анықталды. Терапиялық араласуларды жоспарлау кезінде жас ерекшеліктері мен гендерлік факторларды ескеру қажеттілігі негізделді. Зерттеудің құндылығы – аддикциясы бар ер адамдардағы бақылау локусы және копинг-стратегияларын таңдаудың өзара байланысын тереңірек зерттеу.
Мақалада 2 типті қант диабетіндегі тамақтанудың бұзылуындағы психологиялық факторлардың рөлін қарастыратын заманауи зерттеулерге аналитикалық шолу берілген. Пациенттердің тамақтану мінезқұлқының ерекшеліктерін анықтайтын эмоционалды, когнитивті және әлеуметтік-психологиялық механизмдер қарастырылады. Отандық және шетелдік дереккөздерді талдау негізінде диетаның бұзылуы мазасыздықпен, депрессиямен, созылмалы стресспен және өзін-өзі реттеудің төмендеуімен тығыз байланысты екендігі көрсетілген. Эмоционалды бұзылулар шамадан тыс тамақтануға, «жұбататын» тағамға тәуелділікті қалыптастыруға және тамақтануды бақылауға деген ынтаны жоғалтуға ықпал етеді. Когнитивті және мотивациялық көзқарастар – бақылау, өзі-өзі басқару локусы және ауру туралы сенім жүйесі – емдеуге деген ұмтылысты анықтайды. Жауапкершіліктің сыртқы атрибуциясы бұзылу қаупін арттырады, ал ішкі бақылау локусы және олардың жағдайын басқару қабілетіне сену сәйкестікті арттырады. Диабеттік күйзеліс құбылысы – үнемі өзін-өзі бақылаумен байланысты эмоционалды күйіп қалу, бұл көбінесе реактивтілік пен бұзылуларға әкеледі. Әлеуметтік-мәдени орта маңызды рөл атқарады: отбасылық қолдау, тамақтану дәстүрлері және жақындардың ауруды қабылдауы. Әлеуметтік оқшаулану және қолдаудың жетіспеушілігі стрессті күшейтеді және компенсаторлық тамақтану тәртібін тудырады. Психологиялық және физиологиялық факторлардың өзара байланысы байқалады – қант деңгейінің ауытқуы когнитивті бақылауды төмендетіп, тітіркенуді арттыруы мүмкін.
Қолданбалы психология және зерттеулер
Мақалада инвестициялық және қаржылық шешімдерді қабылдау процесін анықтауда психологиялық зерттеулерді қолдану мәселесі қарастырылды. Инвестициялық және қаржылық шешімдерді қабылдау процесі тұрғындардың қаржылық сауаттылығының деңгейін ашып береді. Қаржылық сауаттылық туралы айтқанда, алдымен тұрғындардың табысын реттеу, кірістері мен шығындарын есепке алу, артық ақшаны жинау, сақтау көбейту кезеңдері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты еліміздегі тұрғындардың инвестициялық және қар- жылық шешімдерді қабылдау процесін анықтауда психологиялық жағдаяттарды анықтау. Бұл зерттеуде сапалы зерттеу әдісі қолданылды. Жоғарғы оқу орындары студенттері мен олардың ата-аналарының қатысуымен зерттеу тобы құрылды және олардың пікірлері талданды. Зерттеу тобына 200 адам, оның 75-і студент пен 125-і ата-ана қатыстырылды. Олар әртүрлі әлеуметтік топтарды құрады, көбіне көпбалалы отбасы, қалалық және ауылдық тұрғындар қатысты. Зерттеу деректері алдын ала әзірлеген сұхбаттың жартылай құрылымдалған түрі арқылы жинақталды. Зерттеу деректері мазмұнды талдау әдісін қолдану арқылы бағаланды. Қазіргі кезде экономикалық ғылым кейбір инвестициялық және қаржылық шешімдердің көбісін түсіндіре алмай отырғандығын көрсетеді. Мақала авторы көрсеткендей, психологиялық зерттеулердің дамуы қаражат саласы мамандарымен бірге психологтарды тарта отырып, жүйелі әлеуметтік зерттеулерді жүргізуді талап етеді.
Мақала медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі стресс пен пациенттерді жоспарлы және жедел қабылдауды жүзеге асыру шартында жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерінің күйін бағдарлау ерекшеліктері туралы мәселелерге арналған. Мақалада медицина қызметкерлерінің жұмысындағы стресс пен оның себептері мен салдарлары туралы сұрақтарға арналған әдебиетке шолу және талдау, сонымен қатар еңбек жағдайы мен қызметтік міндеттерінің айырмашылықтарымен шартталатын стресс деңгейі, оның көріністері мен өз күйін реттеудегі айырмашылықтарды зерттеу нәтижелелері ұсынылған. Зерттеу нә- тижесінде пациенттерді жедел қабылдайтын дәрігерлердің стресс, шаршау, қанығу деңгейлері пациенттерді жоспарлы қабылдайтын дәрігерлерге қарағанда мәнді жоғары екендігі анықталды. Өз күйін ерікті реттеудің жалпы шкаласы, ұстамдылық пен табандылық шкалалары бойынша пациенттерді жоспарлы қабылдайтын дәгерлердің деңгейі пациенттерді жедел қабылдайтын дәргерлерге қарағанда мәнді жоғары. Пациенттерді жедел қабылдайтын дәрігерлердің кәсіби қызметіне стрестің едәуір жоғары дейгейі мен өз күйін ерікті реттеуінің едәуір төмен дейгейі тән.
Педагогика және білім беру әдістемесі
Бұл мақалада авторлар ағылшын тілін үйренушілердің айтылым дағдыларын дамытуда визуалды оқыту құралдарының психологиялық әсерін зерттеу аясында өз көзқарастарын ұсынады. Жүйелі ғылыми шолу негізінде визуалды кері байланыс тетіктерінің, соның ішінде спектрограммалар, дыбыстық толқындарды талдау, фонетикалық артикуляциялық кестелер және нақты уақыттағы визуалды бейнелердің оқушылардың когнитивтік ақпаратты өңдеу үдерісіне, өзіндік тиімділік сезіміне, айтылым кезіндегі мазасыздық деңгейіне және мотивациясына ықпалы талданады. Зерттеу нәтижелері визуалды оқыту құралдарының айтылым дәлді- гін арттыратынын көрсетеді, себебі олар сөйлеу үлгілерін нақты мультисенсорлық түрде бейнелеп, оқушылар ға өз айтылымын ана тіл иелерінің үлгілерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, визуалды кері байланыс айтылымға байланысты мазасыздықты төмендетіп, өзіне деген сенімділікті, метакогнитивтік хабардарлықты және ішкі мотивацияны күшейтеді. Алайда визуалды әдістердің тиімділігі когнитивтік жүк- теме деңгейіне, жеке ерекшеліктерге, білім алушылардың дайындық деңгейіне және педагогикалық интеграция тәсілдеріне тәуелді екені анықталады. Мақала қорытындысында визуалды кері байланысты есту модальділігімен теңгерімді түрде қолданудың маңыздылығы атап өтіледі, бұл айтылымды оқыту үдерісін ғылыми негізде жүйелі жетілдіруге және практикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ISSN 2959-4006 (Online)