«Eurasian journal of current research in psychology and pedagogy» – психология және педагогиканың заманауи бағыттары бойынша ғылыми мақалалар жариялайтын ғылыми журнал; төрт ғылыми-зерттеу секциясынан тұрады: жалпы және әлеуметтік психология, клиникалық және арнайы психология, қолданбалы психология және зерттеулер, педагогика және білім беру әдістемесі.
Журналдың редакциялық алқасы, рецензенттері мен авторлары ғылыми және жарияланымдық этиканың жоғары стандарттарын ұстануға ұмтылады: редакция мен авторлар арасындағы өзара әрекеттің ашықтығы, журналға келіп түскен барлық мақалалардың тәуелсіз сарапшылар немесе редакциялық алқа мүшелері тарапынан міндетті түрде рецензиялануы, жарияланымдарға еркін қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Редакциялық алқа кәсібилік, объективтілік, ғылыми нақтылық және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. Авторлар, редакциялық алқа мүшелері мен бас редактор ғылыми мақалаларды дайындау және ғылыми зерттеу нәтижелерін тарату барысында тиісті этикалық міндеттемелерді орындайды.
Журналдың миссиясы – құқық саласындағы мамандардың іргелі және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін ашық алмасуға арналған ғылыми алаң құру, ғылыми және тәжірибелік жетістіктерді жинақтау, ғылыми мерзімді басылымдар жүйесін дамыту және олардың халықаралық ғылыми-ақпараттық кеңістіктегі үлесін кеңейту.
Журнал: а) ғылыми-кәсіби қауымдастық ішінде белсенді әрі тиімді коммуникацияны дамытуға, пікір алмасуға және ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін ашық пікір алаңын құруға бағытталған;
б) ғылым мен практиканың жақындасуына, ғылыми зерттеулер нәтижелерін басқару іс-әрекетінде және әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдану мүмкіндіктерін іздеуге жәрдемдеседі; в) халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық авторлардың ғылыми нәтижелерін халықаралық кәсіби қауымдастықта ілгерілету мен таратуға ұмтылады.
Журнал келесі негізгі редакциялық саясат қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді. Журналға келіп түскен материалдар: 1) жалпы мазмұндық талаптарға, библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу талаптарына және журналдың ғылыми бағытына сәйкестік бойынша алғашқы іріктеуден өтеді; 2) «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеріледі.
Мақаланы жариялауға арналған редакциялық дайындық міндетті болып табылады және ол әдеби, стилистикалық және техникалық редакциялауды, сондай-ақ мақала рәсімдеу мен жариялау стандарттарының сақталуын бақылауды қамтиды. Редакция авторлармен пікірталасқа түспейді.
Конституциялық құқық нормаларына қарсы келетін мәтіндер жарияланбайды.
Редакция келіп түскен материалдарға өзгерістер енгізуге, қысқартуға, тақырыпқа сәйкес келмейтін немесе дұрыс рәсімделмеген қолжазбаларды кері қайтаруға құқылы, бұл ретте редакциялық этика ережелері сақталады.
Мақалаларды жариялау немесе кері қайтару туралы шешімді редакциялық алқа қабылдайды.
Автор мақаланы редакцияға жолдай отырып, оны «Eurasian journal of current research in psychology and pedagogy» журналында жариялауға және мәтінді рецензенттерге ұсынуға келісімін білдіреді.
Журнал – ашық қолжетімді басылым: барлық пайдаланушылар жарияланған материалдарды еркін әрі тегін оқи алады, жүктей алады, көшіре алады және сілтеме жасай алады.
«Eurasian journal of current research in psychology and pedagogy» журналы 2022 жылдың желтоқсанында негізі қаланған, өз сайты бар https://ejcrpp.turan-edu.kz/. Журналдың электронды және баспа нұсқалары жылына 4 рет жарық көреді.