Preview

Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

Жалпы және әлеуметтік психология

7-17 46
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының солтүстік және оңтүстік өңірлері өкілдерінің қарым-қатынасындағы бейбітшілікке бағытталған және агрессивті коммуникативтік паттерндердің көрініс беру ерекше ліктері қарастырылады. Аталған өңірлерді таңдау тарихи, әлеуметтік-мәдени, демографиялық және коммуникативтік факторлардың тұлғааралық өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу қажет тілігімен негізделеді. Өңірлерді салыстырмалы талдау тек ғылыми-зерттеу сипатында жүргізілетінін және олардың қарама-қарсы қойылуын, бағалау пікірлерін қалыптастыруды немесе бір әлеуметтік топтың екіншісінен артықшылығын анықтауды көздемейтінін ерекше атап өткіміз келеді. Зерттеу әртүрлі әлеуметтікмәдени жағдайларда коммуникативтік мінез-құлық ерекшеліктерін және бейбітшілікке бағытталған әрі агрессивті қарым-қатынас стратегияларының қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Зерттеудің өзектілігі әлеуметтік трансформациялар, коммуникативтік кеңістіктің цифрлануы, мәдениетаралық байланыстардың кеңеюі және халықтың әлеуметтік мобильділігінің артуы жағдайында тұлғааралық өзара әрекеттестіктің конструктивті формаларының маңыздылығының артуымен байланысты. Бейбітшілікке бейімділік әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің, жанжалдардың алдын алудың және тұлғааралық қатынастарды үйлестірудің маңызды психологиялық ресурсы ретінде қарастырылып, оған ерекше назар аударылады.

Клиникалық және арнайы психология

18-33 435
Аңдатпа

Бұл мақалада мета-хабарламалар құбылысы психофункционалды блоктан шығару әдісінің (PF_R) орталық механизмі ретінде қарастырылады және оның болжамды нейробиологиялық және психофизиологиялық негіздері талданады. Зерттеудің мақсаты ішкі қақтығыстарды шешумен, эмоционалды өңдеумен және психофизикалық реттеумен байланысты бейсаналық процестерді белсендірудегі мета-хабарламалардың рөлін анықтау болды. Әдістің теориялық моделі айна нейрондарының, вербалды емес коммуникация механизмдерінің, сананың транс күйлерінің және эмоционалды жауаптың нейродинамикасының заманауи тұжырымдамаларына негізделген. Зерттеуге 25 жастан 58 жасқа дейінгі 4390 адам қатысты, олардың 88,6%-ы әйелдер және 11,4%-ы ерлер болды. PF_R сессияларынан кейін қатысушылардың субъективті және бақыланған реакцияларына талдау жүргізілді. Субъектілердің көпшілігінде сананың транс және тета-доминантты күйлері, сондай-ақ айқын эмоционалды, моторлық және вегетативті реакциялар байқалды. Әдістің тиімділігі визуалды аналогтық шкала бойынша психологиялық жағдайдың статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жақсаруымен расталды: орташа балл 4,8±2,3-тен 8,8±1,3-ке дейін өсті. Бұл нәтижелер мета-хабарламалардың вербалды емес әсер ету құралы ретінде жоғары терапиялық құндылығын көрсетеді және созылмалы психологиялық жарақат пен эмоционалдық блоктарды емдеудегі PF_R әдісінің әлеуетін көрсетеді.

Қолданбалы психология және зерттеулер

34-45 52
Аңдатпа

Жоғары білімнің цифрлық трансформациясы оқытушылардан жаңа технологияларды меңгеруді талап етеді, алайда олардың енгізілу деңгейі әлі де айтарлықтай өзгермелі болып қалуда. Бұл зерттеуде университет оқытушылары арасындағы мотивациялық факторлар, психологиялық кедергілер және технологияларды қабылдау арасындағы өзара байланыстар зерделенді. Өзін-өзі анықтау теориясына (ӨАТ) және технологияларды қабылдау моделіне (ТҚМ) сүйене отырып, біз мотивацияның әртүрлі түрлерінің технологиялық мазасыздықпен, өзгерістерге қарсылықпен және цифрлық өзін-өзі тиімділікпен қалай байланысатынын зерттедік. Мемлекеттік, жеке және ұлттық зерттеу университеттерінің 154 оқытушысының қатысуымен көлденең қималы сауалнама жүргізілді. Қатысушылар академиялық мотивацияны (АМШ), технологиялық мазасыздықты (ШКРҚ), өзгерістерге қарсылықты, цифрлық өзін-өзі тиімділікті, технологияларды қабылдауды, цифрлық құзыреттілікті және кәсіби тұтануды (MBI) өлшейтін валидтелген құралдарды толтырды. Деректер корреляциялық талдау, дисперсиялық талдау (ANOVA), көп реттік регрессия және k-орташалар әдісімен кластерлік талдау арқылы өңделді. Нәтижелер жасты барлық регрессиялық модельдердегі үстем предиктор ретінде анықтады: ол ішкі мотивацияның (β = −1,09), технологиялық мазасыздықтың (β = 0,71), цифрлық өзін-өзі тиімділіктің (β = −0,81) және технологияларды қабылдаудың (β = −0,80) дисперсиясының едәуір бөлігін түсіндірді. Сыртқы теріс мотивация психологиялық кедергілермен күшті оң корреляция (r = ,39–,46) және өзін-өзі тиімділікпен теріс корреляция (r = −,55) көрсетті. Айта кетерлігі, идентификацияланған реттеу кедергілермен маңызды байланыс танытпады. Кластерлік талдау оқытушылардың төрт түрін анықтады: «Цифрлық көшбасшылар», «Цифрлық энтузиастар», «Прагматикалық адаптерлер» және «Скептик-қарсыластар», олар жас бойынша айқын ажыратылды.

46-57 36
Аңдатпа

Бұл мақалада университеттің білім беру ортасы цифрландыру, гибридті оқыту және әлеуметтік өзара әрекет формаларының өзгеруі жағдайында студенттердің жүйелі дене белсенділігіне мотивациясын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – жоғары оқу орнының трансформацияланған білім беру ортасында студенттердің дене белсенділігіне тұрақты мотивациясының қалыптасу механизмдерін теориялық және эмпирикалық тұрғыдан негіздеу. Зерттеу әдіснамасы сауалнама, өзін-өзі айқындау шкаласы, дене белсенділігіне қанағаттану сауалнамасы, сабаққа қатысу көрсеткіштері мен цифрлық белсенділікті бақылау деректерін кешенді қолдануға сүйенеді. Зерттеу нәтижелері автономды мотивацияның, білім беру ортасының форматының және әлеуметтік қолдаудың студенттердің тұрақты дене белсенділігіне елеулі әсер ететінін көрсетті. Командалық форматтар мен цифрлық құралдарды біріктіру студенттердің қатысуын арттырып, ішкі мотивацияны нығайтады. Зерттеудің ғылыми құндылығы мотивациялық, әлеуметтік және орта факторларын біртұтас талдау арқылы студенттердің денсаулық сақтау мінез-құлқын дамытуға бағытталған педагогикалық және цифрлық интервенциялар үшін негіз ұсынуымен айқындалады.

58-67 61
Аңдатпа

Мақалада студенттердің (N = 319) кәсіпкерлік лидерлігінің психологиялық предикторларын эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – кәсіпкерлік қызметке бағытталған студенттердің тұлғалық сипаттамаларының (лидерлік қабілеттері, тәуекелге дайындығы, стреске төзімділік параметрлері және бақылау локусы) корреляциялық құрылымын талдау және сол арқылы кәсіпкерлік лидерлік предикторларының тұжырымдамалық моделін құру. Зерттеу теорияқ талдау және келесі әдістемелерді қолдану арқылы жүргізілді: Perceived Stress Scale (PSS-10), «Субъективті бақылау деңгейі» (УСК), «Көшбасшылық қабілеттерді диагностикалау» әдістемесі және А. Шуберттің тәуекелге дайындық сауалнамасы (RSK). Корреляциялық талдау (Спирмен коэффициенті) көмегімен кәсіпкерлік әлеуеттің өзегі лидерлік қабілеттер, тәуекелге дайындық (r = 0. 238; p < 0.01) және стреске белсенді қарсы тұру механизмдерінің (r = 0. 162; p < 0.01) синергиясы есебінен қалыптасатына анықталды. Шамадан тыс ширығу (перенапряжение) мен лидерлік әлеует арасындағы теріс байланыстың анықталуы (r = -0.113; p < 0.05) психологиялық бейімделудің рөлін айқындай түседі. Субъективті бақылау локусы тұтас когнитивті жүйені құрайтыны дәлелденді, алайда қазіргі жағдайда (Z ұрпағы) ол кәсіпкерліктің тікелей драйвері емес, көбіне фондық фактор ретінде көрінеді. Алынған мәліметтер лидерлік өзекті, стреске бейімделу блогын және субъективті бақылау жүйесін қамтитын кәсіпкерлік лидерліктің үш компонентті моделін құрастыруға мүмкіндік береді.

68-78 69
Аңдатпа

Жоғары білім беру жүйесінде дене тәрбиесі көбіне дене дайындығы және қозғалыс белсенділігімен байланыстырылады. Алайда студенттердің бұл сабақтардағы тәжірибесі қарым-қатынасқа, құрдастарымен өзара әрекетке, оқытушы қолдауына және эмоционалдық жайлылыққа да тәуелді. Бұл пилоттық зерттеуде әдеттегі дене тәрбиесі сабақтарына енгізілген қысқа психологиялық қолдау модулінің студенттердің қабылдайтын психологиялық қолдауына, сабаққа қатысу белсенділігіне және эмоционалдық әл-ауқатына ықпалы қарастырылды. Зерттеу алдын ала және қорытынды өлшеуі бар квазиэксперименттік дизайн негізінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде алты апта бойы жүргізілді. Екі өлшеуге де толық қатысқан 72 бакалавриат студенті талдауға енгізілді. Модуль студенттердің эмоциялық күйін қысқаша анықтау, жұптық және топтық тапсырмалар, оқытушының қолдаушы кері байланысы және сабақ соңындағы қысқа рефлексиядан тұрды. Интервенциядан кейін барлық көрсеткіштердің орташа мәні артты: психологиялық қолдау 3,18-ден 3,76-ға, қатысу белсенділігі 3,32-ден 3,79-ға, эмоционалдық әл-ауқат 3,21-ден 3,68-ге дейін жоғ арылады. Жұптық t-критерий бұл өзгерістердің статистикалық тұрғыдан маңызды екенін көрсетті, әсер көлемі орташа деңгейде болды. Алынған деректер дене тәрбиесіндегі шағын қолдаушы өзгерістер студенттердің белсен ділігі мен эмоционалдық жайлылығын күшейте алатынын көрсетеді.

Педагогика және білім беру әдістемесі

79-87 73
Аңдатпа

Мақала Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті гранты негізінде дайындалды. Онда білім беру процесінде цифрлық әдеби мәтіндерді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері кешенді зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – цифрлық форматтағы (электрондық кітаптар, гипермәтіндік шығармалар, мультимодалды мәтіндер, интерактивті оқырман платформалары) әдеби мәтіндерді педагогикалық тұрғыдан негіздеу, олардың дәстүрлі баспа мәтінінен айырмашылықтарын анықтау және тиімді оқыту әдістемесін ұсыну. Зерттеу нәтижесінде цифрлық мәтін түрлерінің педагогикалық жіктемесі жасалды; оқырманның дәстүрлі мәтін схемасы мен цифрлық форматтың жаңа тәжірибесі арасындағы танымдық қайшылықтың пайда болу үдерісі ашылды; бес кезеңдік ғылыми-әдістемелік модель (цифрлық контекстті белсендіру, мәтінді талдау, интерпретация, сыни бағалау, жасампаздық) ұсынылды. Халықаралық және отандық эмпирикалық деректер ұсынылған модельдің тиімділігін растайды: цифрлық мәтінмен жүйелі жұмыстың оқушылардың мәтінді ұғыну деңгейін арттыратыны анықталды. Мақала жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне, педагогика мен әдістеме саласының зерттеушілеріне арналған.



ISSN 2959-3999 (Print)
ISSN 2959-4006 (Online)