Жасөспірімдердің эмоционалды интеллекті мен психологиялық жынысының өзара байланысы
https://doi.org/10.46914/2959-3999-2023-1-2-12-22
Аңдатпа
Мақалада жасөспірімдердің эмоционалды интеллектісінің дамуы, жасөспірім тұлғасының дамуындағы рөлі, психологиялық ерекшеліктері, модельдеріне теориялық талдау жасалынды. Эмоционалды интеллекттің құрамдас элементтері қарастырылады. Эмоционалды интеллектті зерттеудің әртүрлі тұрғылары мен модельдеріне талдау жасалынған. Сонымен бірге, жасөспірімдер тұлғасының эмоционалды интеллект параметрлерінің жыныстық ерекшеліктеріне, эмоционалды интеллектілері мен психологиялық жынысының арасындағы байланысқа талдау жасалынды. Эмоционалды интеллектті бағалау әдісі ретінде біз эмоция- ларда бейнеленген жеке қатынастарды түсіну және шешім қабылдау негізінде эмоционалды саланы басқару қабілетін анықтау үшін Н. Холл әдісін қолданылды. Ал жасөспірімдердің психологиялық жыны- сын анықтау мақсатында С. Бемнің «Гендерлік сәйкестікті диагностикалау» әдістемесі қолданылды. Зерт- теу нәтижелеріне сәйкес жасөспірімдердің көбісінің эмоционалды интеллектісінің деңгейі төмен екендігі анықталды. Жасөспірімдердің өзге адамдардың эмоциясын тану эмоционалды хабардарлық, эмоцияларды басқару, өзіндік мотивация, эмпатия, эмоционалды интеллектінің интегративті көрсеткіші факторларының айқындылық деңгейі бойынша ер балалар мен қыз балалардың арасында статистикалық маңызды айырмашылық анықталған жоқ. Эмоционалды хабардарлық және феминділік айнымалыларының арасында орташа қалыпты оң байланыс анықталды. Аталмыш мақала нәтижелері жасөспірімдердің эмоционалды интеллектісінің деңгейін дамыту жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда пайдалы болуы мүмкін.
Авторлар туралы
С. Т. БапаеваҚазақстан
әлеуметтік ғылымдар магистры, сениор-лектор
Алматы қ.
М. Б. Ахметжанова
Қазақстан
әлеуметтік ғылымдар магистрі, сениор-лектор
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Е.П. Ильин. Эмоции и чувства // Серия «Мастера психологии». – СПб: Питер, 2011. – 752 с.
2. Bem S.L. The measurement of psychological androgyny // Journal of consulting and clinical psychology. 1974. No. 42(2). P. 155–162. URL: https://doi.org/10.1037/h0036215
3. Практикум по гендерной психологии. Под ред. И.С. Клециной. – СПб., 2003. – С. 277–280.
4. Brackett M.A., Rivers S.E., Salovey P. Emotional intelligence: Implications for personal, social, academic, and workplace success // Social and Personality Psychology Compass. 2011. No. 5(1). P. 88–103.
5. Salovey P., Mayer J.D. Emotional Intelligence // Imagination, Cognition and Personality. 1990. No. 9(3). Р. 185–211.
6. Mayer J.D., Caruso D.R., Salovey P. The ability model of emotional intelligence: Principles and updates // Emotion Review. 2016. No. 8(4). Р. 290–300.
7. Mayer J.D., Salovey P. What is emotional intelligence? // P. Salovey, D.J. Sluyter (Eds.). Emotional development and emotional intelligence: Educational implications. 1997. Р. 3–34.
8. Salovey P., Grewal D. The science of emotional intelligence // Current Directions in Psychological Science. 2005. Р. 14(6). Р. 281–285.
9. Brackett M.A., Rivers S.E., Shiffman S., Lerner N., Salovey P. Relating emotional abilities to social functioning: A comparison of self-report and performance measures of emotional intelligence // Journal of Personality and Social Psychology. 2006. No. 91(4). Р. 780–795.
10. Ciarrochi J., Chan A.Y.C., Bajgar J. Measuring emotional intelligence in adolescents // Personality and Individual Differences. 2001. No. 31(7), Р. 1105–1119.
11. Sánchez-Núñez M.T., Fernández-Berrocal P., Montañés J., Latorre J.M. Does emotional intelligence depend on gender? The socialization of emotional competencies in men and women and its implications // Electronic Journal of Research in Educational Psychology. 2008. No. 6(2). Р. 455–474.
12. Trinidad D.R., Johnson C.A. The association between emotional intelligence and early adolescent tobacco and alcohol use // Personality and Individual Differences. 2002. No. 32(1). Р. 95–105.
13. Fernández-Berrocal P., Ruiz D. Emotional intelligence in education // Electronic Journal of Research in Educational Psychology. 2008. No. 6(15). Р. 421–436.
14. Lopes P.N., Salovey P., Côté S., Beers M. Emotion regulation abilities and the quality of social interaction // Emotion. 2005. No. 5(1). Р. 113–118.
15. Fernández-Berrocal P., Alcaide R., Extremera N., Pizarro D. The role of emotional intelligence in anxiety and depression among adolescents // Individual Differences Research. 2006. No. 4(1). Р. 16–27.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Бапаева С.Т., Ахметжанова М.Б. Жасөспірімдердің эмоционалды интеллекті мен психологиялық жынысының өзара байланысы. Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy. 2023;(2):12-22. https://doi.org/10.46914/2959-3999-2023-1-2-12-22
For citation:
Bapayeva S.T., Akhmetzhanova M.B. The relationship between emotional intelligence and psychological gender of adolescents. Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy. 2023;(2):12-22. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-3999-2023-1-2-12-22