Preview

Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy

Кеңейтілген іздеу

Студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігінің психологиялық ресурсы ретіндегі реттеушілік процестердің құрылымы

https://doi.org/10.46914/2959-3999-2026-1-3-22-35

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі жоғары білім беру жағдайында студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігін қамтамасыз ететін психологиялық ресурстарды зерттеу кәсіби даярлықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – студенттердің реттеушілік процестерінің даму деңгейін анықтау, олардың құрылымдық өзара байланыстарын талдау және тұлғалық өзіндік тиімділіктің психологиялық ресурсы ретіндегі ерекшеліктерін айқындау. Зерттеуге жоғары оқу орындарының 2–3 курс студенттері (N=140) қатысты. Эмпирикалық зерттеуде Дж. Тэнгни, Р. Баумайстер және А.Л. Бунның «Өзін қадағалаудың қысқаша шкаласы» және Е.Ю. Мандрикованың «Іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастыру» сауалнамасы қолданылды. Деректер сипаттамалық статистика және Спирменнің рангілік корреляциялық талдауы арқылы өңделді. Нәтижелер студенттердің басым бөлігінде реттеушілік процестердің орташа деңгейде қалыптасқанын көрсетті. Қазіргі уақытқа бағдарлану, фиксация және өзін-өзі ұйымдастыру көрсеткіштері салыстырмалы түрде жоғары, ал мақсаттылық пен табандылық көрсеткіштері төмен болды. Корреляциялық талдау мақсаттылық, жоспарлау және қазіргі уақытқа бағдарланудың реттеушілік процестер жүйесінде неғұрлым орталық позиция алатынын анықтады. Өзін-өзі бақылау, табандылық, фиксация және өзін-өзі ұйымдастыру аталған компоненттермен статистикалық мәнді оң байланыстар көрсетті. Алынған нәтижелер реттеушілік процестерді студенттердің мақсатқа бағытталған әрекетін қамтамасыз ететін өзара байланысты психологиялық ресурстар жүйесі ретінде қарастыруға негіз береді және студенттердің өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Авторлар туралы

Н. А. Кудушева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

PhD, аға оқытушы

Алматы қ.



Г. Б. Ниетбаева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

PhD, қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Г. Т. Бекмуратова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Ресей

п.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Т. А. Ингайбекова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

PhD, аға оқытушы

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы: 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III // Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.

2. Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы.

3. Бандура А. Теория социального научения / А. Бандура. – Санкт-Петербург: Евразия, 2000. – 320 с.

4. Zimmerman B.J. Self-Regulated Learning: Theories, Measures, and Outcomes / B. J. Zimmerman // International Encyclopedia of the Social & Behavioral Sciences / ed. by J.D. Wright. 2nd ed. Oxford: Elsevier, 2015. P. 541–546. DOI: 10.1016/B978-0-08-097086-8.26060-1

5. Бондаренко И.Н. Регуляторные и личностные ресурсы успеваемости обучающихся с различными профилями школьной вовлеченности / И.Н. Бондаренко, Т.Г. Фомина, В.И. Моросанова // Эксперимен-тальная психология. – 2024. – Т. 17, № 2. – С. 98–112. DOI: 10.17759/exppsy.2024170206

6. Cheng Z. A meta-analysis addressing the relationship between self-regulated learning strategies and academic performance in online higher education / Z. Cheng, Z. Zhang, Q. Xu [et al.] // Journal of Computing in Higher Education. 2025. Vol. 37, No. 1. P. 195–224. DOI: 10.1007/s12528-023-09390-1

7. Elizondo K. Self-regulation and procrastination in college students: A tale of motivation, strategy, and perseverance / K. Elizondo, R. Valenzuela, J. V. Pestana, N. Codina // Psychology in the Schools. 2024. Vol. 61. No. 3. P. 887–902. DOI: 10.1002/pits.23088

8. Fong C.J. Stay motivated and carry on: A meta-analytic investigation of motivational regulation strategies and academic achievement, motivation, and self-regulation correlates / C.J. Fong, S. Altan, C. Gonzales [et al.] // Journal of Educational Psychology. 2024. Vol. 116. No. 6. P. 997–1018.

9. Lourenço A.A. Strategies That Transform: Self-Regulation and Volitional Control as Keys to Academic Achievement / A.A. Lourenço, M.O.A. Paiva, S.N. Valente // Social Sciences. 2025. Vol. 14. No. 5. Art. 285. DOI: 10.3390/socsci14050285

10. Coronado-Maldonado I. Emotional intelligence, motivation and learning strategies: The SSREI and MSLQ-SF questionnaires / I. Coronado-Maldonado, R. Díaz-Muñoz, J.L. González Sodis // Intangible Capital. 2025. Vol. 21. No. 1. P. 131–149. DOI: 10.3926/ic.2714

11. Ramirez-Arellano A. Effects of Personality and Motivation on Students’ Academic Engagement and Metacognitive-Cognitive Strategies / A. Ramirez-Arellano // SAGE Open. 2024. Vol. 14. No. 4. DOI: 10.1177/21582440241295845

12. Tinajero C. Classic and modern models of self-regulated learning: Integrative and componential analysis / C. Tinajero, M.E. Mayo, E. Villar, Z. Martinez-Lopez // Frontiers in Psychology. 2024. Vol. 15. Art. 1307574. DOI: 10.3389/fpsyg.2024.1307574

13. Ерментаева А.Р. Студенттерді субъект бағдарлы психологиялық дайындаудың мәндік сипаттамасы / А.Р. Ерментаева // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. «Психология» сериясы. – 2018. – № 3(56). – Б. 89–97.

14. Изакова А.Т. Влияние смыслообразующих факторов самоактуализации на профессиональное самоопределение : дис. ... канд. психол. наук / А. Т. Изакова. – Караганда, 2003. – 148 с.

15. Узакова С.А. Самоэффективность и социальное поведение студентов высшей школы: социально-психологические аспекты / С.А. Узакова, Ж.А. Калиева, Н. Е. Симонович // Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. – 2020. – № 4(75). – С. 45–54. DOI: 10.26577/JPsS.2020.v75.i4.05

16. Мынбаева А.К. Диагностика эмоций школьников и развитие навыков саморегуляции: инновационный опыт уроков «Самопознания» / А.К. Мынбаева, Ә.Қ. Болат // Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. – 2020. – № 4(75). – С. 14–25. DOI: 10.26577/JPsS.2020.v75.i4.02


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кудушева Н.А., Ниетбаева Г.Б., Бекмуратова Г.Т., Ингайбекова Т.А. Студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігінің психологиялық ресурсы ретіндегі реттеушілік процестердің құрылымы. Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy. 2026;(3):22-35. https://doi.org/10.46914/2959-3999-2026-1-3-22-35

For citation:


Kudusheva N.A., Niyetbayeva G.B., Bekmuratova G.T., Ingaybekova T.A. The structure of regulatory processes as a psychological resource of students’ personal self-efficacy. Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy. 2026;(3):22-35. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-3999-2026-1-3-22-35

Қараулар: 5

JATS XML


ISSN 2959-3999 (Print)
ISSN 2959-4006 (Online)