Қазақ тілін оқытудың қазіргі тенденциялары мен бағыттары
https://doi.org/10.46914/2959-3999-2023-1-4-57-62
Аңдатпа
Мақаланың басты мақсаты орыс тілді аудиторияда қазақ тілін үйрету, оқытып-үйрету және оқытып меңгерту үдерістерінің айырым белгілерін ерекшелеу болып табылады. Тілді меңгерту әдістемелеріне талдау жасалып, олардың тиімді жолдарын үлгі ретінде ұсынады. Оқулық немесе оқу құралдарының тіл меңгерушілер деңгейіне лайықты жазылу қажеттілігі, оқытушының сол оқулықтарды жетілдіре пайдалануы жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылады. Мақаладағы өзекті мәселелердің бірі – теориялық тақырыптарды меңгертудің қарапайым әрі шынайы жолдарын табу. Ереже мен тілдік қолданыстағы сәйкессіздікті болдырмау нұсқалары дәйекті дәлелдермен берілген. Мектеп пен жоғары оқу орындары шәкірттеріне арналған оқулық пен оқу құралдарының үдемелі сабақтастығы қазақ тілін меңгертудегі нәтижелі көріністің негізі болатындығына баса назар аудартады.
Автор туралы
Л. А. МекебаеваҚазақстан
ф.ғ.к., доцент
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1995. – 223 б.
2. Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы «Ұлттық білім академисы», 2013. – 240 б.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2001. – 175 б.
4. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1978. – 164 б.
5. Рамазанова Ш.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 218 б.
6. Исаев С.М. Қазақ тілі. – Алматы: «Өнер» бапасы, 2007. – 260 б.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Мекебаева Л.А. Қазақ тілін оқытудың қазіргі тенденциялары мен бағыттары. Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy. 2023;(4):57-62. https://doi.org/10.46914/2959-3999-2023-1-4-57-62
For citation:
Mekebayeva L.A. Modern trends and directions of teaching the Kazakh language. Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy. 2023;(4):57-62. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/2959-3999-2023-1-4-57-62