Тургумбаева Айжан Маратовна 1992 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында дүниеге келген. Психология бойынша PhD докторы, «Тұран» университетінің Жоғары психология мектебінің қауымдастырылған профессор-зерттеушісі. Бакалавриат және магистратура деңгейінде «Басқару психологиясы», «Кросс-мәдени психология» және басқа да пәндерді оқытады. 2023-2024 жылдары «Болашақ» Президенттік стипендиясының «500 ғалым» бағдарламасы аясында Миннесота Университетінде зерттеу тағылымдамасынан өтті. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің «Жас Ғалым» зерттеу грантының иегері. Ғылыми қызығушылық салалары: жасанды интеллект және психикалық денсаулық, оқытушылардың мотивациясы, білім беруді цифрландыру.